Оқиға • 18 Мамыр, 2021

Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты

804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін кешкі сағат 17:41-де болған. «Өрт сөндірушілер Медеу ауданы Истомин көшесі №14 жеке тұрғын үйде шыққан өртке жіберілді. Олар келгенде жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысы 125 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатты. Жақын маңда орналасқан көршілес үйге өрттің таралу қаупі туындады. Өртті сөндіруге және көршілес үйді қорғауға өрт сөндіру оқпандары беріліп, қызыл жалынның таралуына жол берілмеді. Сол жерден 2 газ баллоны (50, 25 л) шығарылды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оттың таралуы сағат 18.23-те тоқтатылып, 18.32-де толығымен сөндірілді.