Спорт • 19 Мамыр, 2021

Үш ойында 15 гол соғылды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасындағы 12 турындың алғашқы үш ойыны жанкүйерлер көңілінен шықты деген ойдамыз. Себебі, сол кештегі кездесулерде бақандай 15 гол соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш ойында 15 гол соғылды

«Түркістан Аренада» жергілікті «Тұран» Оралдың «Ақжайығын» қабылдады. Бұл кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Десек те үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. 71 мен 75 минуттар аралығында Николай Ковталюктің соққан қос голдың арқасында қонақтардың мерейі үстем болды – 0:2.

Біраз уақыттан бері жеңіске жете алмай, өз жанкүйерлерінің көңіліне селкеу түсірген «Қайрат» бұл турда көздеген мақсатына қол жеткізді. Алматыда өткен матчта олар «Ақтөбенің» қақпасына төрт доп салса, қарсыластары нысананы екі рет дәл көздеді – 4:2. «Қайраттың» сапындағы Артур Шушеначев (7, 36 минуттар) дубль авторы атанса, Хосе Канте (51 минут) мен Небойша Косович (86 минут) бір-бір голдан соқты. Қонақтар арасында Дидар Жалмұқан (41 минут) мен Эрвейн Мукам 54 (54 минут) өз мүмкіндіктерін қалт жібермеді.

Қызылордада жергілікті «Қайсар» «Астанаға» 2:5 есебімен есе жіберді. Алғашында Марин Томасов (31 минут) пен Вараздат Ароян (37 минут) елордалық клубты алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Макс Потапов (44 минут) есеп айырмашылығын қысқартқанымен, Эбонг Нгоме (45 минут) көзді ашып-жұмғанша қайта допты торда тулатты. Үзілістен кейін Томасов (47 минут) пен Роман Мұртазаев (61 минут) мергендік танытса, Стефан Денковичтің (87 минут) 11 метрлік нүктеден кездесудің соңғы нүктесін қойды.