Оқиға • 19 Мамыр, 2021

Павлодарда ер адамды ток соғып қайтыс болды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында ер адамды ток соғып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ер адамды ток соғып қайтыс болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  18 мамыр күні полицияға сағат 09.50 шамасында Веселая Роща ауылынан үш шақырым жерде теміржол бойында ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама  түскен.  

«Электрик-контакт болып жұмыс істейтін 1987 жылы туған адамның жоғары кернеулі желіде жұмыс істеп жатқан кезінде электр тоғына түскені анықталды. Оқиға куәгерлері бар», дейді баспасөз қызметінде.

Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.