Күні кеше Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) айтулы жарысқа қатысатындарды ынталандыру мақсатында жеңіс тұғырына көтерілген былғары қолғап шеберлеріне сыйақы тағайындалғаны жайында жария етті. Соған сәйкес бас жүлдені олжалаған боксшыға 10 мың АҚШ доллары табыс етіледі. Күміс медальді иеленгендер сол соманың тең жартысын алады. Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер 2,5 мыңды қалталарына салады. Жарыстың жүлде қорының жалпы мөлшері 400 мың АҚШ долларын құрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатында барлық салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді. Яғни, Парсы шығанағында 20 жерлесіміз шаршы алаңға шығады.