Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі тежелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады. Ал неден шыққандығы әлі белгісіз.
Облыстық ТЖД мамандары әр кәсіпорын басшыларынан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды сұрайды. Сондай-ақ нысанда автоматты өрт дабылы және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Оқыстан өрт шыға қалған жағдайда, жұмысшылар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі керек.