Қазақстан • 19 Мамыр, 2021

«Баспана Хит» пен «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет несиелеу бағдарламаларын қаржыландыруды кезең-кезеңімен аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баспана Хит» пен «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады

«Әлемдік дағдарыс және оның экономикаға тигізетін әсерін ескеріп, нарық принциптеріне жол бере отырып, мемлекеттің несиелеу бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты, Үкімет, Ұлттық банк және Агенттік арасында жылдың басында 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім аясында 2023 жылдан бастап Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырмайды», деді Мәдина Әбілқасымова CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING SUMMIT барысында.

Оның айтуынша, 2021 жылы «Баспана Хит», 2022 жылы «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10