Қазақстан • 19 Мамыр, 2021

Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті – АШМ

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі 32 санаты бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті – АШМ

Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды апта сайын бақылайды.

Өңірлер жіберген 13 мамырдағы деректер бойынша, республикада жалпы көлемі 1,2 млн тонна болатын түрлі азық-түлік тауар қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 625,2 мың тонна, қоймаларда – 173,2 мың тонна, сауда желілерінде – 345,1  мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,6 мың тонна қор бар. Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

Айта кету керек, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025