Елорда • 20 Мамыр, 2021

«Елорда жастары» баспанамен жарылқайды

253 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастар үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ. Аталған бағдарлама аясында жастар баспаналы болу үшін 13 млн теңгеге дейін займ ала алады.

«Елорда жастары» баспанамен жарылқайды

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, «Елорда жастары» бағдарламасының тұжы­рым­да­масы былтыр ерікті­лермен және жас­тар ұйымдарының өкіл­де­рі­мен кездесуде әзірленген.

– Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша қолға алын­ған «Елорда жастары» бағдар­ла­масының басты бағыты – тұрғын үй мәселесін шешу. Биыл елор­да­мыздың жас мамандарына әлеу­­меттік жеңілдетілген несие ұсы­­­натын арнайы тұрғын үй бағ­­­дарламасын іске қосуды жос­парлап отырмыз. Аталған бағ­дарламаға 36 жасқа дейінгі жас­т­ар (жолдасының/жұбайының жасы әсер етпейді) қатыса алады. Бағдарлама қатысушысы бір жылдан кем емес уақытта қаланың тұрғын үй есебінде тұрған болуы және басында жекеменшік үйі болмауы керек, – дейді әкім.

Бұл ретте ресми жұмыс өтілі 1 жыл болуы керек. Аталған бағ­дар­ламаның қатысушысы жыл­дық жеңілдетілген 5 пайыз­дық ставкамен үй сатып алу үшін 13 млн теңгеге дейін займ ала алады. Қала басшысы сонымен қа­тар Елбасы бастамасымен қол­­ға алынған жұмыс істей­тін жас­тарды қолдауға бағыт­тал­ған арендалық тұр­ғын үй бағ­дар­ламасының да жалғаса­ты­нын айтты. Жыл соңына дейін арен­далық тұрғын үй бойынша мың­нан астам жас баспанаға қол жет­к­і­зеді деген жоспар бар.

– Тоқталғым келетін екінші ба­ғыт – мүмкіндігі шектеулі адам­­д­ар үшін жағдай жасау жос­­­пары. Қалада бірқатар әлеу­мет­тік жобалар жүзеге асып жатыр. Соның ішінде «Кедергісіз ке­ле­шек» деген жоба да бар. Аталған жоба аясында 12 бейімдеу секциясы ашылды. Рес­публикалық клиникаларға кво­та бөлініп, мүгедектер арбасы сыйға тартылды. Сонымен қатар қалада бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтереді: сауықтыру орта­лықтары, көру қабілеті бұ­зылған балаларға арналған ба­ла­бақша, паралимпиялық жат­­тығу орталығымен бірлесіп мүм­­­кіндігі шектеулі жандарға ар­нал­ған спорт кешенін саламыз және тағы да басқа жобалар бар. Мысалы, былтыр Тұңғыш Пре­зи­дент қоры және «Самұрық-Қазына» қолдауымен қалалық №1 балалар ауруханасының базасында «Қамқорлық» сауық­тыру орталығы ашылды. Сондай-ақ церебралды сал ауруы, аутизм, Даун синдромына шал­дық­қан ба­лаларды емдеумен, сауық­тырумен айналысатын сауық­ты­ру орталықтары да есігін ашты, – дейді шаһар басшысы.

Нұр-Сұлтан қаласында қолға алынғалы отырған бағдарламаға жастардың көптеп қатысары қа­зірден белгілі. Жастардың қала­сына айналып келе жатқан елордада пәтерге мұқтаж жандар саны көп. Жиырма жылда қала тұрғындарының саны 3 есе көбейіп, 1 200 000 адамға жеткен.

– Бағдарламаны дайындау барысында карантинге дейін 14-15 мәрте оффлайн кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарынан түрлі ұсыныс, өтініштер келіп түсті. Оларды да ес­кердік. Жоба сол ұсыныстар мен идеялар негізінде әзірленді. Келіп түскен ұсыныстардың ба­сым бөлігінде жас мөлшерін ұл­ғай­ту сұралған. Соған сай жас­ты 29-дан 36-ға дейін ұзарттық, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Мұндай жеңілдікке қара­мас­тан ипотека тек тұрақты жұмыс істейтін, қалада тіркеуде тұрға­ны­на кемі 1 жыл толған, кемі бір жылдық жұмыс өтілі бар, ба­сын­да баспанасы жоқ жастарға бе­рі­леді.

– Жастардың көбінде жалақы көп емес. Сондықтан күнкөріс мөлшеріне орай, айлық жалақысы 133 мың теңгеден аспауы керек деген ереже бекітіп отырмыз. Мәсе­лен, жалақыңызды 250-300 мың теңге көлемінде деп алсақ, соны жұбайыңызға, бала-шағыңызға бөлгенде 133 мың теңгеден аспауы қажет. Егер одан асып кететін болса онда ол адам басқа бағдарламаларға қа­ты­са алады ғой. Бағдарламаға денсаулық сақтау, спорт, білім беру, мәдениет, БАҚ саласының өкілдері, ЖОО және ғылыми инс­титут қызметкерлері, қала­мыз­дың коммуналдық кәсіпорын қыз­меткерлері қатыса алады, – дейді Қайрат Қамбаров.

Алғашқы кезекте 150, егер сұраныс жақсы болып жатса жыл соңына дейін тағы 600 пәтер ұсынылмақ. Банк ұсынған 13 млн теңгеге дейінгі ипотеканы 20 жыл ішінде төлеп біту қажет. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Басқарма басшысының айтуынша, 13 млн теңге қатып қалған сома емес. Бұл ретте қатысушы өзі жинаған қаражатты сол 13 млн-ға қосу арқылы қалаған баға­дағы пәтерін рәсімдей алады. Қатысушы жаңадан салынған пәтер­лерді де, ескі пәтерлерді де таң­дауға құқылы.

Шекті сома ретінде неліктен 13 млн теңге таңдап алынды? «Отбасы банк» орталық филиалының директоры Жан­сұЛтан Матайдың айтуынша, шек­ті сома шаршы метр бағасына бай­ланысты есептелген.

– Бағдарлама дайындалған кезде бір бөлмелі пәтер шаршы метрінің нарықтық құны бірінші және екінші нарықта 280-320 мың теңге аралығында болды. Есептей келе 13 млн теңге шықты. Егер бағдарлама аясында 13 млн теңгеге ипотека ресімделсе, алғашқы жарна ретінде 10 пайызы төленсе, онда ай сайынғы төлемі 101 мың теңге болады. Пәтердің ай сайынғы арендасы орташа есеппен 100 мың теңге екенін ескере келе осындай баға шығып отыр, – деді Жансұлтан Матай брифингте.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 47 мыңға жуық адам пәтер кезе­гінде тұрса, соның 6 мың­нан астамы жастар. Дәл осындай жоба үш жылдан бері Алматы қаласында жүзеге асып келеді. «Алматы жастары» аясында 2020 жылы да бірнеше мыңдаған жас жеке баспанасын алған еді. Атал­ған бағдарлама аясын­да биыл 9 741 өтініш түсіп, со­ның 3 828-і бағ­дар­лама талабына сай бол­ма­ған­дықтан кері қай­та­рыл­ған.