Қазақстан • 20 Мамыр, 2021

Маусымнан бастап төрт коммерциялық пойыз жолға шығады

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазғы маусым қарсаңында халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго» вагондарынан құралған төрт коммерциялық пойызды іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маусымнан бастап төрт коммерциялық пойыз жолға шығады

2021 жылдың 1 маусымынан бастап:

1) «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы №19/20 пойыз күн сайын Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ сандар бойынша, Атырау станциясынан жұп сандар бойынша жөнелтіледі;

2) «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №701/702 пойызы күн сайын қатынайды. 2 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол стансасынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал» бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан жұп сандар бойынша, ал Орал стансасынан тақ сандар бойынша жөнелтілетін болады.

3 маусымнан бастап «Алматы-2 – Түркістан» бағытындағы №71/72 пойыз Алматы-2 стансасынан тақ сандар бойынша, ал Түркістан стансасынан жұп сандар бойынша қатынайтын болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама қызметінен сұрастыруға болады.