Қоғам • 20 Мамыр, 2021

«Nur Suńqar» байқауына өтінім беру басталды

519 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауына өтінім беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Nur Suńqar» байқауына өтінім беру басталды

Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады. Сонымен қатар Казақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тағылымы» атты жаңа номинация белгіленді.

Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.

Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Лидері Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.

Байқау шарты бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 2021 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.

Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2021 жылдың 20 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады:

«Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;

«Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;

«QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;

«Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін жариялағаны үшін;

«Партия жаршысы» – партия туралы үздік материал;

«Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

«YouTube үздігі» – үздік YouTube арнасы;

«Тәуелсіздік тағылымы» – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жариялаған үшін.

Жеңімпаздар Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады.