Көптеген нысандарда «Ashyq» жобасы іске қосылды. Айта кетсек, жоғары оқу қызметкерлері мен студенттердің денсаулықтары үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Ashyq» жобасына қосылды.
Университет корпусына кірмес бұрын студент немесе мекеме қызметкері арнайы қабырғадағы QR-кодты сканерлеп, кезекші күзетшілерге қосымшада көрсетілген нәтижені көрсетуі керек.
Ол үшін қосымшаны телефоныңызға жүктейсіз. Содан кейін телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіп, кодты енгізгеннен кейін «кіру регистрациясына» өтіңіз. Соңында QR кодты сканерден өткізесіз. Бар болғаны осы.
Қосымшадағы түстерге келер болсақ, жасыл – қозғалыстарда ешқандай шектеу жоқтығын білдіреді. Ал көк түсте қозғалысқа шектеу болмағанымен, ПТР тесті міндетті ұйымдарда көк мәртебесі бар азаматтарға кіруге рұқсат етілмейді. Сары түс қозғалысты ішінара шектейді (азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі). Қызыл әдеттегідей қозғалысты шектейді.