Әлем • 20 Мамыр, 2021

Сингапур билігі «сингапурлық» мутацияны жоққа шығарды

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сингапур билігі Facebook пен Twitter-ден коронавирустың «сингапурлық нұсқасы» туралы хабарламаларды жалған ақпарат деп белгілеуді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сингапур билігі «сингапурлық» мутацияны жоққа шығарды

Мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның «сингапурлық» мутациясының жоқ екенін айтты. Соңғы апталарда COVID-19-дың тек Үндістанда алғаш рет табылған нұсқасы анықталған.

Шри-Ланка жолаушылардың шетелден келуіне 10 күнге тыйым салды. Елдің азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, мұндай шара күрделі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін қолға алынып отыр. «Жабық аспан» режимі 21-31 мамыр аралығында жұмыс істейді.

Египет COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын мамыр айының соңына дейін ұзартты. Дүкендер, сауда орталықтары мен мейрамханалар жергілікті уақыт бойынша тек сағат 21: 00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал қоғамдық саябақтар мен жағажайларға кіруге рұқсат берілген. Бірақ шектеу режимінің бірқатар талабын сақтау міндетті. Египет Араб Республикасы коронавирустық инфекцияның үшінші толқынымен күресуде.

Исландиялық Dadi og Gagnamagnid тобы мүшелерінің бірі коронавирустық инфекцияны жұқтырғандықтан, команда Роттердамдағы «Евровидение» ән байқауында өнер көрсетпейтін болды. Топ өз әріптесінсіз ән айтпауды жөн санады. Ұжымның «10 жыл» әні конкурста қалады. Ол II жартылай финалда бейне форматта орындалады.

«Үнді» вирусының мутациясы Кипрге еніп кетті, деп хабарлайды мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігі. КВИ 4 адамда расталған. Олар қазір қонақүйлерге карантинге жатқызылды. ДДҰ мәліметтері бойынша B. 1.617 нұсқасы 40-тан астам елде табылды. Кипр билігі COVID-19 таралуын вакцинация арқылы тоқтатпақ. Қазіргі уақытта елдегі ересек тұрғындардың 45%-ы екпе салдырған.