«Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргіздім. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға уағдаластық. Келешектегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындадық. Келіссөзде Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудың, өңірлік диалогты, атап айтқанда, бес мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі деңгейінде дамытудың өзектілігін ерекше атап өттік. Сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨЫСШК аясындағы ықпалдастықты талқыладық», делінген хабарламада.