Оқиға • 21 Мамыр, 2021

Павлодарда монша өртенді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда монша кешені өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда монша өртенді

«2021 жылғы 20 мамырда сағат 22:36-да М.Жүсіп көшесі, 161 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі өрт туралы хабарлама түсті. Жеке меншік үй аумағында 70 шаршы метр алаңда екі қабатты ағаш ғимарат шатырының ағаш конструкциялары жанған, оның бірінші қабатында монша орналасқан», деп хабарлады өңірлік ТЖ департаменті.

Өрт сағат 23:16-да сөндірілді.

Төтенше жағдай орнына жеке құрамнан 11 адам және 2  техника шықты.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.