Аймақтар • 21 Мамыр, 2021

Жамбылдық зейнеткер коронавирустан емделіп шықты

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл өңірінде 68 жастағы тұрғын коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылдық зейнеткер коронавирустан емделіп шықты

Жамбыл облысының Талас ауданы, Үшарал ауылының 68 жастағы тұрғынының дене қызуы үш күннен бері түспей, тыныс алуы қиындаған соң, науқас жедел жәрдем көлігімен орталық ауруханаға жеткізіледі. Тексеру барысында компьютерлік томография өкпенің 50 пайызы зақымдалғанын анықтап, оған екіжақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылады.  

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациентте стенокардия, бүйректің басым зақымдануымен артериялық гипертензия және қан айналымының бұзылуы сияқты ілеспе аурулар болған.

Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, оған қосымша респираторлық қолдау көрсетілген. Араға бес күн салып жағдайы жақсарған соң, арнайы ортақ бөлмеге ауыстырылған. Дәрігерлердің көмегінің нәтижесінде зейнеткер 15 күн ішінде сырқатынан толық айығып шықты.

«Мен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Облыс орталығына бармай-ақ, аудандық  ауруханада қажетті ем-дом алып, отбасыма аман-есен оралдым. Ақ халатты абзал жандарға бақыт, денсаулық және осы пандемиямен күресуде шыдамдылық тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін!», дейді ол.

«Адамның аурудан жазылуы оның ішкі жағдайына, оның өмір сүруге, отбасына, жақындарына оралуға деген ниетіне тікелей байланысты. Бұл кісі біздің стационарымыздағы өмірге құштар науқастардың бірі болған, сондықтан да ол коронавирус індетін жеңді», дейді емдеуші дәрігер Толқын Жаңабай.


Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар