Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық бөлігі жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Тек Шығыс Қазақстан облысында ғана биіктіктегі жылғаның әсерінен 22 мамыр күні аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп отыр.

24 мамыр күні күндіз термометр бағанасы 30-38 градус ыстықты көрсетеді, еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөлігінде күн 25-35 градусқа дейін ысиды.

Республиканың жекелеген аудандарында жел күшеюі ықтимал, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.