Аймақтар • 21 Мамыр, 2021

Жамбыл облысында сарбаз 4-қабаттан секіріп қайтыс болды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында сарбаз 4-қабаттан секіріп қайтыс болды

«82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы казарма ғимаратының 4 қабатындағы терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,  деді ведомство өкілі.

Қорғаныс министрлігі мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін және туыстарының тілегі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Мерзімді қызметкер 1 ай бұрын әскерге шақырылып, 15 мамырда әскери ант берген.

82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан.