Қоғам • 21 Мамыр, 2021

Семейде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіпорындарында 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Нұрымбет Сақтағанов баспасөз мәслихаты барысында Семей қаласының әкімі лауазымына кіріскен уақыттан бастап түрлі салаларда кездескен негізгі қиындықтарға тоқталды.

Ол жылумен жабдықтау, жарықтандыру, қоқыс шығару, автобус маршруттары мен жол мәселелерінің шешімін тауып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ шаһар тұрғындарының орташа жалақы мәселесіне тоқталып, бұл проблема жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы шешілетінін атап өтті.

«Азаматтар үшін лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын ашуымыз керек. Әлбетте, семейліктердің орташа жалақысының өскені абзал. Еңбекақысы жоғары бос жұмыс орындары да аз емес. Мысалы, қалада 30 жасқа дейінгі жастарды қызметке алуға дайын әскери бөлімдер бар. Егер әскери билет болса, жалақы – 200 мың теңге. Сонымен қатар басқа да мемлекеттік қолдаулар жетерлік», деді әкім.

Қала басшысы бүгінгі таңда Семей кәсіпорындарында 700-ге жуық бос жұмыс орны ашылғанын айтты.