Әлем • 21 Мамыр, 2021

Үндістанда МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

3008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейсенбі күні кешке Үндістанның солтүстік-батысындағы Пенджаб штатында елдің әскери-әуе күштерінің «Бизон» деп аталатын МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы елдің ӘӘК ақпараттық қызметі Twitter-де мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үндістанда МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

«Кеше кешке батыс секторында «Бизон» ұшағы құлады. Оның ұшқышы, эскадрилья командирі Абхинав Чоудхари қаза тапты. Үндістан елінің ӘӘК мерт болған ұшқыштың отбасына қайғырып көңіл айтады», делінген хабарламада. ANI агенттігінің авиациялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ жоспарлы оқу-жаттығулық ұшуын өткізген.

Айта кетейік, биыл МиГ-21 ұшағының қатысуымен болған үшінші әуе оқиғасы. Наурыз айында болған тура осындай апатта ұшқыш қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025