Президент • 21 Мамыр, 2021

Қ.Тоқаев сауда-логистикалық орталықтар жүйесін құруды ұсынды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-логистикалық және көтерме дистрибьютерлік орталықтар жүйесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев сауда-логистикалық орталықтар жүйесін құруды ұсынды

«Қазақстан Өзбекстанмен бірге Орталық Азияда халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жөніндегі бірлескен жобаны іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті. Орталық Батыс Еуропа - Батыс Қытай стратегиялық магистралінің бойында орналасады, бұл өзара транзиттік сауданың өсуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауар ағынын ақтауға және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысында.

Мемлекет басшысы одақтың барлық елдерімен осындай бірлескен инфрақұрылымды ортақ дамытуды ұсынды.

«Одақ шеңберінде сауда-логистикалық және көтерме сатылым орталықтарының жүйесін құру да үлкен маңызға ие болып отыр. Мұндай жүйе біздің елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін қолдайды, сәйкесінше негізгі өнімдерге бағаны төмендетеді»,  деп түйіндеді Мемлекет басшысы.