Хоккей • 23 Мамыр, 2021

Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвия астанасы Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде  қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

Екінші кезеңнің 33-минутында финляндиялық Антон Лунделль есеп ашса, оған 35-минутта Кирилл Панюков бір шайбамен жауап берді.

Үшінші кезеңде және овертаймда командалар жеңісті голды қақпаға дарыта алмады. Матч тағдыры буллит сериясында ғана шешілді. Осылайша, бұған дейін төрт мәрте финляндиялықтардан жеңіліп қалған хоккейшілеріміз бұл жолы 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан командасы алғашқы матчта Латвиямен кездесіп, буллит сериясы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткені туралы бұған дейін де хабарлаған едік.

Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер енді 25 мамырда АҚШ құрамасымен кездеседі.