Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Өңірдің эпидемиялық жағдайымен танысты

3958 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы бір айдан аса уақыт «қызыл аймақта» тұр. Сондықтан індетпен күрес іс-шараларын барынша күшейткен жөн. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірге жұмыс сапары барысында эпидемиялық ахуалмен танысып, халықты вакциналау барысын тексерді.

Өңірдің эпидемиялық жағдайымен танысты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ЖШС жанын­дағы №1 Отбасылық денсаулық орталығына барды. Бұл орталықтың базасында COVID-19-ға қарсы алғашқы вакциналау орталығы ұйымдастырылды. Министр мұнда вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдыққа қоса, процедураның қауіпсіздігі үшін барлық жағдайдың қаншалықты жасалғанын қарап, екпе салдырғысы келе­тін­дерді қабылдау алгоритмінің сақта­луына көз жеткізді. Ол пациенттермен әңгімелесіп, хал-жағдайын сұрап, вакциналау пунктінде жа­салған жағдай туралы пікірлерін мұқият тың­дады.

«Бүгінгі таңда өңірде эпидемиялық ахуал оңалмай тұр. КВИ-дің одан әрі таралуына жол бермеу үшін вакциналау қарқынын жеделдету және халық арасында иммундық қабат құру қажет. Үйде емдеуді жолға қою, науқастың жағдайын амбулаториялық деңгейде бақылау маңызды», деді ведомство басшысы.

А.Цой алғашқы медициналық-санитар­лық және стационарлық көмек деңгейін­де үйлестіруді күшейтуге, қауіп тобының өкіл­де­рі­мен, созылмалы аурулары бар па­циент­термен және қарт адамдармен жұ­мыс істеуге ерекше назар аударды. Соны­мен қатар КВИ бойынша өңірдегі жағ­дай­ға жалпы басшылықты, оның ішінде пациенттерді бағыттауды, амбулаториялық және стационарлық деңгейде емдеуді, мұқ­таж пациенттерді уақтылы емдеуге жат­қы­зуды, МСАК пен стационарлар ара­сын­дағы ауысуларды қамтамасыз ету қажет.

COVID-19-ға қарсы иммундау бойынша вакциналау орталығы 1 ақпаннан бастап жұмыс істеп жатыр. Онда 3 егу кабинеті, 3 дәрігердің қабылдау кабинеті, 20 адамға ба­қылау аймағы бөлінген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан бас­тап Қарағанды облысында 70 189 тұр­ғын­ды вакциналау аяқталды. 20 мамырға дейін 149 352 адам бірінші компонентпен вакцина алды. Оның ішінде QazVac-ты 1 875, Sinopharm-ды 5 865 адам салдырды. Ал екінші компонентпен вакцина алғандар – 80 201 адам.

Жалпы Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 28 876 жағдайы тіркелген. Індеттен 341 адам қайтыс болған, оның ішінде негізінен 60 жас­тан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар бар.

Министр бұдан кейін Ахуалдық орталық­қа барып, бұл бағдарламалық кешен­ді толық көлемде пайдалануды, оның ішінде мультидисциплинарлық консультативтік дәрі­герлік топтарды, КВИ-мен күрес шеңбе­рін­де қабылданатын шаралар бойынша МСАК ұйымдарының қызметіне талдау жүр­гізуді тапсырды.

А.Цой осы жұмыс сапары барысында коронавирус инфекциясымен күрес жө­ніндегі өңірлік штаб отырысын өткіз­ді. Онда Қарағанды облысы ден­сау­лық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев өңірде пандемиямен күреске ба­ғытталған бірқатар іс-шара ұйым­дас­тырылғанын мәлімдеді. Айта­лық, ин­­фек­ция­лық госпитальдық инфра­құ­ры­лым­ды дамыту, ауруды ерте анық­тау үшін медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, үй стационарлары жағдайында уақтылы оқшаулау және емдеу сияқты шаралар қолға алынды. Бұған қоса стационарлар мен емханаларда қажетті дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және жеке қорғаныш құралдарының үш айлық қоры құрылды.

Г.Тоқсамбаев алдағы уақытта эпиде­мия­лық жағдайдың тұрақтануы және сыр­қат­танушылықтың біртіндеп төмендеуі күті­ле­тінін атап өтті.

 

Қарағанды облысы