Атақты аяқдопшы бұдан алты жыл бұрын, яғни 2015 жылы ұлттық құрамадан шеттетілген болатын. Оған «командалас әріптесі Матье Вальбуенаға орынсыз қысым көрсетті, тіпті одан ақша бопсалады» деген айып тағылған еді. Биыл жасы 33-ке толған футболшы 2016 жылғы Еуропа және 2018 жылғы әлем чемпионаттарына қатысқан жоқ.
Мәселенің бұлай шешілуіне көп күш жұмсаған адам – футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам. Оның айтуына қарағанда, бұл қадамға бару оңай болған жоқ екен. Карим екеуі ұзақ әңгімелескен көрінеді. Сөйтіп ортақ мәмілеге келген. Яғни «Франция Бенземаға керек, ал Бензема Францияға керек». Осыған тоқайласқан.
Сонымен қатар француздардың ұлттық құрама сапына «Тоттенхэмде» өнер көрсетіп жүрген Уго Ллорис, Мұса Сиссоко, «Эвертон» командасының сол қапталдағы қорғаушысы Лукас Дин, «Челсидің» жаңа жұлдыздарын, Голо Канте Курт Зума мен Оливье Жиру, сондай-ақ «Манчестер Юнайтедтің» белді ойыншысы Пол Погба, тартылыпты.