Оқиға • 24 Мамыр, 2021

Атырауда автобус қаққан 27 жастағы әйел көз жұмды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда автобус қаққан 27 жастағы әйел көз жұмды

Оқиға орнында 27 жастағы әйел көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 23 мамырда кешкі сағат 20:20 шамасында Вокзал маңы шағын ауданында болған.

«Жаяу жүргінші Берғалиев-Баймұханов көшелерінің қиылысындағы жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған. Сол кезде оны Daewoo автобусы қаққан. Өкінішке орай, 1994 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны оқиға орнында көз жұмды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр.