Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Алматыда астыртын «онлайн казино» ашқандар сотталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда заңсыз ойын бизнесін бірнеше мәрте ұйымдастырған Грузияның екі азаматы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда астыртын «онлайн казино» ашқандар сотталды

«Тексеру кезінде «онлайн казино» үшін тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшаларымен, атап айтқанда ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және ақша беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындары бар 42 ойын компьютері тәркіленіп алынды», делінген Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін осы мекенжайда 62 ойын компьютері мен 3 ойын терминалы тәркіленіп, осы тұлғалар ұйымдастырған ойын залының заңсыз қызметінің жолы кесілген болатын.

«Грузияның екі азаматы ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлімі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде табыс табумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды», деп атап өтті басқармадағылар.

Сондай-ақ сотта заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу қарастырылуда.