Еуропа комиссиясы компанияларды адам құқығын бұзу мен қоршаған ортаға зақым келтіру бойынша жауапкершілікке тарту бойынша өзгерістер енгізуді кейінге қалдырғаннан кейін лоббистер жағдайды өз пайдасына қарай өзгертуге көшті.

Еуропа комиссиясы маусым айында аймақтағы компанияларға қатысты талаптарды күшейтуге бел буған-ды. Бұған Қытай компанияларының балалар күшін пайдалануға қатысты оқиғасы себеп болды. Нақты айтар болсақ, Шыңжан провинциясында какао жинау кезінде балалар мәжбүрлі түрде жұмысқа тартылады екен. Дегенмен Брюссель шешім қабылдауды кейінге қалдырып отыр. Сарапшылар бұған лоббистердің қатысы бар деген пікір айтады.
Компанияларды алаңдатып отырған тағы бір мәселе – осы құжаттың басы-қасында жүрген Әділет комиссары Дидье Рейндерстің енді мәселеден алшақтатылуы. Қазір құжат Ішкі нарық бойынша комиссар Тьерри Бретонның құзыретінде. Ол – кезінде Франциядағы бірқатар келіссөзді басқарған білікті маман деседі.
Комиссия тауарларды жеткізуде шектен шығудан бөлек, ұжымдық басқару, директорлар кеңесінің жұмысын да қамтиды. Бұл жаңалық Солтүстік Еуропадағы және аймақтағы үлкен компаниялардың көңілінен шықпады. Ал қатардағы компаниялар әкімшілік іс жеткізу үрдісін одан сайын қиындатады деген ойда.
Комиссия өкілі шешімнің кешіктірілетінін ресми мәлімдеп, күзге таман ғана хабар берілетінін айтты. Ол бұған жан-жақты дайындықтың қажет екенін, барлық тараптың әртүрлі талабы мен теңгерімі сақталуы керектігін алға тартады.
Комиссияның тағы бір өкілі бұл іске Бертонның араласуын құп көріп, бірлесіп басқарылған дүниенің жақсы екенін айтады. Өйткені екі басшы да өз тәжірибесіне сүйеніп, құжатты одан да тиімді ете алады.
Дегенмен Бертон енгізген «жаңалықтар» Еуропадағы адам құқықтарын қорғау бойынша жұмыс істейтін Global Witness компаниясына ұнай қоймады. «Басшылықтың өзгеруі ескі ереженің қайтарылуына себеп болады. Ал ескі ереже тек қысқамерзімді пайдаға негізделген. Ал ескі ереже бізді дағдарысқа алып келді», дейді үкіметтік емес ұйым өкілі Ричард Гардинер.
Белсенді заңгерлер мен заң жобасын жасауға қатысушылар комиссия кәсіпкерлерге қысым жасамауы керек деген ойда. «Еуропа Парламенті комиссиядан не күтетінін анық әрі ашық айтты. Егер жағдайды бақылаудан шығарып алсақ, түгел Еуропа одағын да жоғалтып аламыз. Шешімнің кешіктірілуі ескі ережелердің қалуына алып келмес деп сенеміз. Ерікті механизмдер кәсіби жауапкершілікті сезіне отырып, оңтайландыруы керек. Басқа жол жоқ», дейді Еуропа Парламентінің мүшесі, «Жасыл кеңес» партиясының депутаты Хейди Хаутала.
«Заң қабылдау процесін жеделдету керек. Бұл Одаққа мүше елдердің мүддесі қорғалып, тараптың қызығушылығына қарай бұрмаланбауы үшін маңызды», дейді Парламенттің тағы бір мүшесі Лара Уолтерс. Сонымен қатар депутат адам құқығы мен қоршаған ортаға қатысты мәселе көп күттірмеуі керектігін айтты. «Бұл мәселе арнайы заңды қажет етеді. Біз бір негізге сүйеніп қана шешім қабылдай аламыз», деді саясаткер.
Дегенмен бұл ветоны жақсы қабылдаған үкіметтер мен компаниялар аз емес. Әсіресе еркін сауда жүйесі бойынша жұмыс істейтін Солтүстік Еуропадағы компаниялар қуанышты. Кәсіпкерлер ұжымдық басқаруға қатысты тұсты қайта қарауды ұсынады. Олардың ойынша, бұл өзгеріс аймақ ішінде кәсіп жүргізуге кедергі келтірмек.
«Бұл жақсы жол емес. Дұрыс әрі ережеге сай жұмыс істеп жүрген компанияларға шектеу болмауы керек. Еуропа Одағы дегенімізбен, әр елде ежелден қалыптасқан алуан дәстүр, құрылым мен модель бар. Осыны ескерсек, ортақ ереже қандай жақсы нәтиже бере алатынын елестету қиын», дейді Данияның Индустрия, бизнес және қаржы істері министрі Симон Коллеруп.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар