Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

«Жасыл аймақ»: Туристерге тұсау бар ма?

477 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда коронавирус инфек­циясының таралуы бә­лен­дей азайған жоқ. Соңғы тәулікте облыс бойынша вирус 80 адамнан анықталған. Оның көбі Өскемен, Семейден шықса, аудандар арасында Ұлан мен Аягөз тізімді бастады. Десе де бас санитарлық дәрігердің қаулысымен облыс «жасыл аймаққа» өтті. Ал Өскемен, Семей және Аягөз қалалары әзірше «сары аймақта» қалып отыр.

«Жасыл аймақ»: Туристерге тұсау бар ма?

 

«Жасыл аймақ» екенбіз деп жайбарақат жүруге әсте болмайды. Дендеген дерт танаудың астында ғана. Оның үстіне, Шығыс Қа­зақ­стан туристік-рекреациялық ай­мақ болғандықтан, ала жаздай саяхатшылардың легі үзілмейді. Яғни әлемді жалмаған жаман ауру­дың таралу мүмкіндігі де көбейе түспек. Ондайда әр адам саналы түрде сақтана түскені абзал. Туристік аумақтарда сақтықты кү­шейтіп, қауіптің алдын алу үшін мем­лекет тарапынан да шаралар қолға алынған. Айта кетсек, 23 ма­мырда Шығыс Қазақстан об­лы­­сының бас мемлекеттік сани­тар­лық дәрігері «Бұқтырма су қоймасының, Алакөлдің және Рахман қайнары санаторийінің туристік-рекреациялық аймақ­та­рын­да COVID-19 коронавирус инфекциясы ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» №7 қаулыға қол қойды.

Қаулыда айтылғандай, 1 мау­сым­­­нан бастап туристік-рек­реа­ция­лық аймақтарда кү­шей­тіл­ген с­а­ни­тарлық дезин­фек­­ция­лық ре­жімді, термометрия­ны, бет­пер­делік тәртіпті және әлеу­­­мет­тік қа­шық­тық­ты сақтай отырып, адамдарды орналас­ты­ру және демалу орындарын жаз­ғы туристік маусымға да­йын­­д­ауға рұқсат берілді. Алайда ны­сан­­дардың қызметін қайта бастау үшін бекітілген бір­қатар ереже бар. Біріншіден, дема­лыс орындарының иелеріне InfoKazakhstan.kz сайтынан элек­­тронды форматта бе­рі­ле­тін «Сани­тар­лық норма­лар­ға сәй­кес­тік акті­сі» қажет. Со­нымен қатар шек­теу шаралары жағ­да­йын­­да жазғы туристік мау­сым­ды ашу­ға бері­ле­тін «дайын­ды­ғы туралы акті» және бар.

Бас санитарлық дәрігер бекіт­кен­дей, демалыс орындарында Ashyq жобасын да іске қосу қажет. Мәселен, меншік иелері демалыс базасына келген мейманды «жасыл/көк» статусқа тексе­ріп отырса ғана, жұмыстарын жалғас­тыру­ға рұқсат беріледі. Атап айтсақ, Бұқтырма су қоймасының, Алакөлдің, Рахман қайнарының аумағындағы қызмет көрсету нысандарында Ashyq жо­ба­­­сын ен­гі­зіп, келушілерді жіті қа­­да­ғалап отыр­ған жөн.

Шығыс Қазақстандағы демалу, сауықтыру орындарында тынығып қайтамын деген азаматқа, берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағат) аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен тексерілген зертха­на­лық құжат қажет. Одан бөлек, COVID-19 коронавирус инфекция­­­сы­на қарсы вакциналаудың толық курсын алғанын растайтын құжат­тың болуы шарт. Ескерте кетерлігі, «сары/қызыл» статусы бар жеке тұлға­ларға туристік-рекреациялық ай­мақ­тарға келуге тыйым салына­ды.

– Әрине, аудан экономикасы үшін саяхатшылардың келіп жат­қаны жақсы. Алайда біз тұр­ғын­дардың денсаулығын бірінші орынға қоюымыз керек. Бұл үшін облыстық бас санитарлық дә­рігер бекітіп берген қаулы негі­зін­­де жұмыс атқаруымыз керек. Аудан­­­дағы демалыс базалары ке­лу­­ші­лерді белгіленген ережеге сай қабылдап қана қызмет көрсете ала­ды. Бұған халық түсіністікпен қараса екен дейміз. Атқарылып жатқан шараның бәрі сіз бен біз­дің қауіпсіздігіміз үшін, – дейді Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.

«Тәртіпке бағынған құл емес». Бек­і­тілген ережені бір кісідей сақ­тауымыз керек. Айт­қан­дай, са­нитарлық талап­тар­дың орын­­далуын арнайы жасақ­тал­ған мо­ни­торлық топ күнде­лікті қа­да­ға­лап отырады. Ереже еске­ріл­ме­ген жағдайда, белгілі мөл­шерде айыппұл салу көздел­ген. Халық осыны да естен шығар­маған­дары абзал.

Бір жағынан өңір «жасыл аймаққа» өтіп, бірқатар шектеу­ге өзгерістер енді. Облыстық са­ни­тарлық-эпидемиологиялық ба­қы­лау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиевтің айтуынша, «жасыл аймаққа» жататын қалалар мен елді мекендерде ертеңнен бастап мейрамханалар, дәмханалар мен жазғы алаңдар түнгі сағат 02:00-ге дейін жұ­мыс істеуге рұқсат берілді. Елуден артық адам қатыспаған жағ­­дайда, еске алу түскі астарын өткі­зу­ге де рұқсат етіледі. Сон­дай-ақ мешіт, шіркеу, синагога сынды діни нысандарда іс-ша­ра­лар өткізуге рұқсат етіледі. Бірақ қатысушылардың саны 100 адам­нан аспауы тиіс. «Жасыл ай­мақ­тағы» елді мекендер үшін бильярд, боулинг, ойын клубтары, балалар ойын-сауық орталықтары, соның ішінде жабық бөлмелердегі аттракциондар жұмысын қайта бастайды.

Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек, Өскемен, Семей және Ая­гөз аудандары «сары аймақта». Сон­дық­тан жоғарыда аталған же­ңіл­діктердің бұл өңірлерге қаты­сы жоқ. Демек мұндағы жабық үй-жайларындағы іс-шаралар мен еске алу түскі астарына әлі де ты­­­йым салынған. Бильярд, боулинг, ойын клубтары мен балалар орталықтары да әлі жұмыс істей алмайды. Ал Ashyq жобасы енгізілген нысандар белгіленген режімде жұмыс істеуге құқылы.

 

Шығыс Қазақстан облысы