25 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы сайлау туралы Конституциялық заңына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы сайлау туралы Конституциялық заңына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.