Тағайындау • 25 Мамыр, 2021

Приозерск қаласына жаңа әкім тағайындалды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Приозёрск қаласының әкімі лауазымына Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сапар Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Приозерск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Приозёрск активіне қаланың жаңа басшысын таныстырып, оның алдына бірқатар міндет қойды.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. «Қазақавтожол» РМК-да жұмыс істеді, «Ботақара су қожалығы» КМҚК директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы болды.

2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентін басқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды.

2015 жылдан бүгінгі таңға дейін Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.