Әкімнің айтуынша, ауданда 22 балабақша бар. 11-і мемлекеттік, тағы 11-і – жекеменшік бөбекжай.
«Бұдан бөлек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Баутин және Ақшұқыр ауылдарынан спорт кешені салынады. Жеке инвестор қаражаты есебінен Қызылөзен ауылынан 1 спорт кешені пайдалануға беріледі. Айта кету керек, ауданда бұқаралық спорт кеңінен насихатталады. Түпқараған ауданында 14 ашық спорт алаңы, 5 футбол алаңы, 5 көше тренажері бар», деді Айбек Қосуақов.