Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Ақтөбеде жол апатынан 2 адам қаза тапты

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы халықаралық тасжолда жол-көлік оқиасы орын алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жол апатынан 2 адам қаза тапты

«Бүгін Самара-Шымкент тас жолының 908 шақырымында Nissan жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік қозғалысының қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, Mercedes маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция қызметкерлері жол-ережесін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға үндейді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды.