Сайлау • 26 Мамыр, 2021

Тікелей таңдау ең сауатты және кәсіби басшыларды анықтауға мүмкіндік береді

879 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Биыл елімізде ауыл әкімдерін сайлау үдерісі басталмақ. Өткен аптада Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конститу­циялық заң жобасын қабылдады.

Тікелей таңдау ең сауатты және кәсіби басшыларды анықтауға мүмкіндік береді

Бұл заң жобасы елімізде алғаш рет жергілікті басқару ор­ганының басшысын мажоритарлы сайлау жүйесі негізінде х­алықтың тікелей сайлауына мүм­кіндік береді. Бірақ әлемдік деңгейде бұл – қалыпты жағдай. Шетелік тәжірибеге көз жүгіртіп өтетін болсақ:

Ұлыбритания. 2021 жылғы жағдай бойынша Англияда тікелей сайланған 25 әкім бар. Англияда кандидаттарды ұсыну өзін өзі ұсыну арқылы да, пар­тия­лардан кандидаттарды ұсы­ну арқылы да жүзеге асырыла­ды. Осыған қарамастан, үміт­кер­лерге келесі жалпы талаптар қо­йылады: кем дегенде 18 жас­­тағы  Ұлыбритания азаматы болуы тиіс.

Украина. 2020 жылы 25 қазанда Украина тұрғындары көптеген қалалардың әкімдерін, ауыл­дар мен елді мекендердің бас­шыларын, сондай-ақ жергі­лікті кеңестердің депутаттарын сай­лады. Халқының саны 90 мың­нан аспайтын қалалардағы әкім­дерді сайлау, сондай-ақ ауыл мен кент әкімдерін сайлау салыс­тырмалы көпшіліктің ма­жо­ри­тарлы жүйесі бойынша өткізіледі.

Бельгияда сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен партияның пар­тиялық тізімінде барынша көп дауыс жинаған кандидат мэр  лауазымын иеленеді. 

Италия мен Болгарияда бір мезгілде екі сайлау өткізіледі: про­порциялы сайлау арқылы муни­ципалдық кеңесті сайлайды да,  екі раундтық мажоритарлы жүйемен әкімді сайлайды.

Францияда мэр муниципалдық кеңестің президенті болып саналады және жанама түрде муниципалдық кеңес сайлауынан кейінгі бірінші апта ішінде немесе мэрдің қызметін до­ға­руы­нан кейін өткізілетін кезектен тыс жиналыста сайланған муни­ципалдық кеңесшілер арасынан сайланады.

Жалпы жергілікті өзін өзі бас­қару жүйесін әлемдік тәжі­ри­бе негізінде қарастыратын бол­сақ, онда бұл құбылыстың бір­неше құрамдас бөлігі бар екенін аңғаруға болады. Олар: ауыл әкі­мінің сайланбалы болуы, ауыл­дық кеңестің жұмыс істеуі немесе азаматтардың өз еркімен ауыл жиналыстарына белсенді қаты­суы; тәуелсіз бюджетті қа­лып­тастыру және оның кіріс бөлігін кеңейту; жергілікті және жоғары органдар арасындағы қаты­настар­дың си­патын өзгерту. Осылайша, Қазақ­стандағы ауыл басшыларын сайлаудың жаңа жүйесі ең алды­мен азаматтарды шешім қабыл­дау процестеріне тарту арқылы ауыл­дың тұрақты дамуын қалыптас­тыру­ға бағыт­талғанын байқаймыз.

Біріншіден, бәсең сайлау құқы­ғына ие ауыл тұрғындары өз кандидатураларын өздері ұсына алады. Осылайша, сайланбалы қызметке жүгіне оты­рып, өзін өзі ұсынған кандидат бастапқы деңгейден бастап, сая­­си процеске тікелей қатысады.

Кандидаттардың сайлау бәсе­кесіне шығуының ең ұтымды тә­жі­рибесі де осы. Қазақстан Рес­­пуб­ликасының заңнамасына сәй­кес жасы 25-ке толған, білік­тілік пен білім дәрежесінің қа­жет­ті талаптарына сай болатын әр азамат бәсең сайлау құқығын пайдалана отырып, өз кандидатурасын ұсына алады.

Екіншіден, ауыл әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы сайлау – ауыл тұрғындарының тіке­лей таңдауы. Бұл тұста тұр­ғын­дар тек әкімді ғана емес, сонымен қатар оның ауылдағы өзекті мәселелер және оларды шешу тәсілдері қамтылған сайлауалды бағдарламасын да таңдайды.

Қазақстан Республикасының заң­­на­ма­сына сәйкес ауыл әкім­­­­дері­не үміткерлер ұсы­ну­­­­дың екінші жолы – партия­лар­­­дың бас­­тамасымен ұсы­ну. Елі­­мізде тіркелген әр саяси партия кандидат ұсынуға толық құқығы бар. Бұл тәсіл канди­дат­тардың терең сайлауалды бағ­дар­лама­сы­ның болуына және ол бағдар­ла­маны атқаруға қажетті саяси ре­сурс­тың болуына кепіл болады.

Үшіншіден, саяси партия­лардың кандидаттарды ұсынуы партиялық құрылыс тұрғысынан төменнен жоғарыға қарай қа­жет. Бұл жергілікті жерлерде пар­­тия­ларға өздерінің сайлау әлеует­терін құруға және инс­титут­тан­дыруға мүмкіндік береді. Ауыл­дық сайлаушылар өз тарапынан пар­ла­менттік пар­тияларға ықпал ету­дің қосымша арнасын таба алады.

Сонымен қатар еліміздің заң­намасына сәйкес ауыл әкім­дерінің сайлауы кезінде үміт­кер­лерді ұсынудың тағы бір жолы бар. Егер үміткерлерді ұсыну үдерісінің аяқталуына 5 күн қалған уақытта алғашқы екі нұс­қаны пайдалана отырып ұсы­нылған үміткерлер саны екеуге жетпесе, онда жоғары тұрған аудан әкімі мәслихат ар­қылы баламалықтың сақталуы үшін бір кандидатты ұсынуы тиіс. Бұл тәсіл саяси плюрализмнің сақталуы үшін қажет.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесін енгізу ауыл­дың әлеуметтік-экономикалық дамуы­на оң әсер етеді. Біріншіден, әкім­дікке үміткерлер арасындағы ашық және бәсекелестік күрес жер­­­гілікті мәселелердің ерек­ше­лік­терін білетін және оларды шешу­дің кілтін таба алатын ең сауат­ты және кәсіби басшылар­ды анық­тауға мүмкіндік береді. Екін­шіден, сайланған әкімдер өздері­нің сайлау алдындағы уә­де­­лерін орын­дауға, жергілік­ті қоғам­дас­тық­пен байланыс ор­натуға, сон­дай-ақ ауылшаруа­шы­лық секторын, ту­ризмді және бас­қа да сала­ларды да­мыту үшін ауыл­ға қа­жет­ті инвес­ти­цияларды тартуға мүд­делі бо­лады. Бұл тұр­­ғыда сайлауды қол­дау­дың ке­лесі деңгейі – әкімдер қыз­­меті­нің көр­сет­кіші болады. Та­быс­­ты бас­қа­ру­ды көрсете алған әкім­дер­дің ке­лесі сайлауда жеңіске жету мүм­­­кі­ндігі жоғары болатыны сөзсіз.

 

Индира РЫСТИНА,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы