Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыста, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі 23-28 м/с күтіледі. Түркістан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінды шаңды дауыл болады.
Жамбыл, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.