Көп қабатты үйдің ауласында жатқан жігіттің денесі түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тарап кетті. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 2000 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған.
«Жедел жәрдем бригадасы төрт минуттың ішінде жетті. Тіркелген ақпарат бойынша, ол жоғарыдан құлап түскен», делінген хабарламада.