Әлем • 26 Мамыр, 2021

Бразилияда коронавирустың тағы бір жаңа түрі анықталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилия ғалымдары коронавирустың бүкіл елге өте тез таралатын жаңа түрін тапты, әзірше оның шығу тегі белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бразилияда коронавирустың тағы бір жаңа түрі анықталды

Сан-Паулу университетінің зерттеушілері оны бірінші Мококадан алынған сынамадан анықтады, кейін ол Порту-Феррейрада кеңінен тараған, екі елді мекен де Сан-Паулу штатында орналасқан. Бүгінде коронавирустың жаңа түрі елдің ең бай және халқы көп штатының он қаласында анықталған.

Университеттің зерттеу деректері тұмау мен коронавирус геномдары туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін халықаралық GISAID ұйымына жіберген, онда вирустың бұл түріне P4 деген атау берілді.

Бразилия вирусология қоғамының вице-президенті Жоао Пессоа Араужудың айтуынша, P4 кәдімгі вирусқа қарағанда қауіпті екенін немесе одан да қатты жұғар-жұқпасын анықтау әзірше мүмкін емес. Сарапшылардың пікірінше, ол «бразилиялық» P1 және P2, сондай-ақ «филиппиндік» P3 штамына ұқсас.

«Бізді оның тез тарауы қатты алаңдатып отыр», деді бразилиялық вирусолог.

Бұған дейін Бразилияда коронавирустың екі штамын бір мезгілде жұқтырудың екі жағдайы тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, «бразилиялық» коронавирус жастарға қауіпті, өйткені жас науқастар ұзақ уақыт күтіп, кейін ғана медициналық көмекке жүгінеді.