Ауа райы • 26 Мамыр, 2021

Аптап ыстық қашан басылады?

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндердегі аптап ыстық ерекше болғаны рас. Дегенмен, апта соңына қарай Қара теңіз аймағынан антициклон ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Аптап ыстық қашан басылады?

27 мамырда Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырдан бастап Орталық және шығыс өңірлерінде күн райы айтарлықтай салқындайды. Республикамыздың солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді: батыс аймақтарда сынап бағанасы түнде 10...22°С , күндіз 27...35 , ал еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында - түнде 5...15°С, күндіз 17...28°градус ыстықты көрсетеді.

28 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер болады. Сондай-ақ қатты жел күтіледі, бұршақ жаууы да мүмкін.

Алайда ауа температурасының төмендеуі республиканың оңтүстік өңірлеріне әсер етпейді. Олар әлі де жылы ауа массаларының ықпалында болады. Оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.