Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Жамбыл облысында мектеп оқушысы суға батып кетті

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында Жартас көлінде жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 6-сынып оқушысы суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында мектеп оқушысы суға батып кетті

Қайғылы оқиға туралы құтқару қызметіне хабарлама түскен. Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғын 2008 жылы туған жасөспірімді судан шығарып, оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге тырысқан. Өкінішке қарай, жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.​

«Мән-жай анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысы ТЖ департаменті ата-аналардан өздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және өз балаларына табиғи ортадағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйретуді сұрайды», делінген ведомтсво хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20