Руханият • 26 Мамыр, 2021

Ғабиден Мұстафиннің қызы коронавирустан көз жұмды

783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, елімізге танымал аудармашы Майя Мұстафина 81 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғабиден Мұстафиннің қызы коронавирустан көз жұмды

25 мамырда кешке Майя Мұстафина коронавирус індетінен қайтыс болды. Мамырдың 2-сінде ол 80 жасқа толған еді.

«Ол өте көп жұмыс істегеніне қарамастан, керемет ана болды. Не істесе де, әрқашан отбасына жеткілікті уақыт бөлетін. Жануарларды қатты жақсы көретін еді. Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданды, өте көпшіл адам болатын», деді Майя Мұстафинаның қызы Тоғжан Сейфуллина.

Мустафина Майя 1941 жылы 2 мамырда жазушы Ғабиден Мустафин мен Зейне Мустафинаның отбасында дүниеге келген.

30 жыл бойы Алматы қаласындағы қазіргі ҚазХҚ және ӘТУ шет тілдер кафедрасында сабақ берген. 80-жылдардың соңынан ҚазКСР мұражайында (қазіргі Орталық мемлекеттік музей) жұмыс істеді. 90-жылдардың басынан ортасына дейін БУИГ француз фирмасында аудармашы болып жұмыс істеген.