Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысының қорытындылары мен Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Бұл ретте Президент өздерінің қарамағындағы құрылымдарда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдамайтын басшыларға ықпал етудің пәрменді тетіктерін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан министрлер мен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың нақты талаптары әзірленеді. Бұл мәселеде енжарлық танытқан басшылар жауапқа тартылады.
Мемлекет басшысы бюджет қаржысын жұмсаудың ашықтығын одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайластықтың алдын алу шараларына басымдық беру туралы айтты.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражат пен активтерді іздестіруге және қайтаруға басымдық бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар жасағаны үшін жазаның бұлтартпас қағидатын мүлтіксіз сақтау қажет екеніне назар аударды