Іс-шара аясында тараптар еуразиялық кеңістіктегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы істердің жағдайы туралы мазмұнды пікір алмасты.
Талқылау барысында жұқпалы аурулардың алдын алу және биологиялық қауіптерге бірлесіп қарсы тұру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Делегациялар аталған мәселелер бойынша шарт-құқықтық базаны кеңейтуге мүдделілігін растап, биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жобасын келісуде айтарлықтай прогресс бар екенін атап өтті.
Ресейлік мамандар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының» нысандырын, оның ішінде Орталық референттік зертхананы да кезекті рет қайта аралады.
Консультациялардың кезекті раундының қорытындысы бойынша тараптар жалпы күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.