Қоғам • 27 Мамыр, 2021

Ақмола облысындағы өрттен зейнеткер қайтыс болды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында 66 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды. Бұл туралы брифингте мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысындағы өрттен зейнеткер қайтыс болды

Оның айтуынша, өткен өрт қауіпсіздігі кезеңінде облыста 24 орман өрті және 20 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты есе жоғары. Негізінен өрттің көбісі қараусыз қалған от, тасталған темекі тұқылы мен сіріңке, көлік құралдарының сөндіргішінен шыққан ұшқын, шөп жағу, линза сияқты іске қосылатын шыны сынықтарынан болып отыр.

«Департамент балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс орындарының, сондай-ақ қауіпті аумақтар мен орман алқаптарындағы пансионаттар мен санаторийлердің өрт қауіпсіздігі саласында тексерулер жүргізеді, олар мамыр айының соңына дейін аяқталады. Мобильді топтар орманда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу анықталған жағдайда, сондай-ақ қалдықтар мен құрғақ өсімдіктерді өртегені үшін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 336 және 367-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады», деп атап өтті Д.Дәлешов.

Оның айтуынша, 26 мамырда сағат 07:45-те Біржан сал ауданының Макинка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Өрттің себептерін анықтау үшін сынақ-өрт зертханасы және ММС тағайындалды.

«Қайтыс болған адаммен сәуір айында ғана тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық әңгіме өткізілген еді», деп толықтырды Д.Дәлешов.