Қазақстан • 27 Мамыр, 2021

Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдіргендердің өтініші қаралды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдіргендердің өтініші қаралды

Жиында Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 955 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізілетін болды.

Сондай-ақ Комиссия 81 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы да ұсыным жасайды.