Коронавирус • 27 Мамыр, 2021

Алексей Цой қалыпты өмірге қашан оралатынымызды айтты

7091 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қоғамдық орындарда маска тағу режимі қашан алып тасталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой қалыпты өмірге қашан оралатынымызды айтты

«Бұл ең маңызды мәселелердің бірі шығар. Мұны күздің басына қарай тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Қыркүйекке қарай халықтың басым бөлігін вакциналап бітуіміз керек. Кейбір елдерде халықтың 60 пайызына дейін вакцина салдырғанын және маска тағу режимін алып тастауға рұқсат етілгенін көріп отырмыз, өйткені ұжымдық иммунитет бар. Осылайша адамдар бір-бірін қорғайды», деді Цой журналистке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер қазақстандықтар қазір бетперде тағуды тоқтатса, вирус тарала береді, өйткені вакцина алмаған адамдар өте көп.

«Вирус адамнан адамға беріледі. Вакцина алған адамда вирустың таралуы тоқтайды. Егер адамдардың көпшілігі вакцина алса, вирус одан әрі басқа біреуге берілмейді», деді Цой.