Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Полицияға жалған хабар берген атыраулыққа айыппұл салынды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының тұрғыны «суға секіремін, өлемін» деп, полицияға жалған хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияға жалған хабар берген атыраулыққа айыппұл салынды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері полицияға 18 жалған хабар берілген. Сондай жалған хабар берушінің бірі «102» операторына 22 мамырда сағат 12:30 шамасында телефон соққан.

«Ол ертең суға секіріп, өлемін деп хабар берген. Арызданушының бұл хабары полиция қызметкерлерінің алаңдатушылығын туғызды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізді. Нәтижесінде полицияға жалған хабар берген Атырау қаласының тұрғыны анықталды. Ол қалжың үшін полицияға орта дәрежелі масаң күйде телефонынан қоңырау шалғанын мойындады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 438-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.