Аймақтар • 28 Мамыр, 2021

Алматыда індет жұқтырғандардың саны едәуір азайды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Алматы облысында 465 адам коронавирустан емделіп шықты. Өңірде індетті жұқтырғандар саны азайып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда індет жұқтырғандардың саны едәуір азайды

Айта кетейік, өткен тәулікте Алматы облысында 97 адамнан коронавирус анықталды.

Талдықорған қаласының өзінде 29 жағдай, Іле ауданында – 13, Талғар ауданында – 11, Жамбыл ауданында – 8, Еңбекшіқазақ ауданында – 7, Ескелді ауданында – 6, Қарасай, Қаратал аудандарында 5 жағдайдан, Сарқан ауданында – 4, Ұйғыр ауданында – 3, Кербұлақ және Панфилов аудандарында 2 жағдайдан, Балқаш ауданы мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Өңір «жасыл» аймақта.

Алматы облысындағы ауруханаларда 1 382 адам ем қабылдауда, соның 43-нің жағдайы ауыр. Бір тәулікте 134 адам ауруханаларға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 42,9 %-ға толған.

Өткен тәулікте облыс бойынша 465 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

«Соңғы 3 күнде 6 754 адамның сынамалары ПТР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 40 адам анықталып, барлығы үй карантиніне жіберілді және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 216 319. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1 877. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 124 845. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2 558», делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.