Коронавирус • 28 Мамыр, 2021

Баланы КВИ инфекциясынан қалай қорғауға болады?

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы, ҚР ДСМ бас педиатры Риза Боранбаева баланы КВИ инфекциясынан қалай қорғауға болатыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баланы КВИ инфекциясынан қалай қорғауға болады?

Оның айтуынша, ересектерге қарағанда балалар коронавирустық инфекциямен аз ауырады. Олардың клиникалық белгілері аз және ауруханаға жатқызу жағдайлары сирек кездеседі. Жалпы, олар көп жағдайда симптомсыз және жеңіл түрде ауырады, дегенмен ауыр өтетін де жағдайлар болады. 


«2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталған 16 245 бала тіркелген, оның ішінде 34-і жаңа туған нәресте. 80% жазылып шықты. Балалардың 90%-ында ауру симптомсыз немесе жеңіл түрде өтті. Балалардың 10% – орташа дәрежеде және 0,1% - ауыр дәрежеде болды. COVID-19 жұқтырғандардың ішінде тек 58 балаға вирустық пневмония диагнозы қойылды. Әзірге балаларға екпе жасалмайды және COVID-19 алдын алу үшін арнайы дәрілік заттар жоқ, сондықтан оларды қорғаудың маңызды құралы бірқатар эпидемияға қарсы шараларды сақтау болып қала береді. Баланы жөтелу немесе түшкіру кезінде аузы мен мұрнын майлықпен жабуға, қолды дұрыс және жиі жууға, ауызға, мұрынға, көзге қол тигізбеуге үйрету керек. Індетті жұқтыру қаупін азайту үшін қоғамдық көлікті пайдалануды және адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу керек, мүмкіндігінше, маска тағып жүру керек», деп кеңес берді сарапшы.


Ал үйде балалар ойыншықтарын үнемі өңдеп, теңдестірілген тамақтану, физикалық белсенділік, жүйелі медициналық бақылау және жағымды эмоциялар арқылы иммунитетті қолдау керек.

Соңғы жаңалықтар