Әлем • 31 Мамыр, 2021

Google компаниясының басы дауға қалды

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Google компаниясының басы дауға қалды,  деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Google компаниясының басы дауға қалды

«Бизнес Инсайдер» басылымының хабарлауынша, технологиялық алпауыт өз қолданушыларын заңсыз аңдыған. Смартфон иелері геолокациясын көрсететін функцияны өшіріп тастаған кезде де компания олардың тұрған жері туралы мәлімет жинауын тоқтатпаса керек. Корпорацияның басшылары мен инженерлері бұл жайында хабардар болған екен. Одан бөлек, технологиялық алпауыт смартфон өндірушілерін қолданушылардан құпиялылық баптауларын жасыруға міндеттеген.

Айта кетейік, 2020 жылы АҚШ-тың Аризона штанының прокуратурасы заңсыз аңдуға қатысты Google-ге қарсы іс қозғаған еді. Ал Австралия соты компанияны «өз қолданушыларын алдады» деп айыптаған.