Коронавирус • 31 Мамыр, 2021

«Қызыл» аймақтағы өңірлер азайып келеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда төрт өңір эпидемиологиялық жағдайы бойынша «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақтағы өңірлер азайып келеді

31 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай: 

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.