Спорт • 31 Мамыр, 2021

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік Суперлига клубына ауысты

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік «Ухта» футзал клубына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Азат Валиуллин қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік Суперлига клубына ауысты

2020/21 жылғы маусымда Валиуллин рудныйлық «Аят» сапында ойнап, 33 матчта 29 гол соққан.

Еске салайық, «Аят» өткен маусымда Қазақстан чемпионатының қола медалін еншілеген.

«Ухта» 2020/21 жылғы Ресей чемпионатының маусымында тұрақты кезеңде 9-орын алып, плэй-оффқа өтпеген.