Ауа райы • 31 Мамыр, 2021

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады, найзағай күтіледі.

2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11...16, кей жерлерде 8, күндіз 21...26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады.